Елордадан «Астана-Алматы» бағытындағы супермарафонның қатысушылары жолға шықты


Арқада аяз көтеріліп, қыс өз күшіне мінді. Бірақ, бұл марафоншылар үшін еш кедергі емес. Елордадан «Астана-Алматы» бағытындағы супермарафонның қатысушылары жолға шықты. Тәуелсіздік күніне орай белгілі спортшылар мен кәсіпкерлер және саясаткерлер қос астана арасында 1300 шақырымды жаяу жүгіріп өтпек. 6 күнге жалғасатын марафон барысында қатысушылар 6 елді мекенге тоқтап, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізеді. Осылайша, олар саламатты өмір салтын насихаттап, спорт үшін ешнәрсе де кедергі еместігін іспен көрсетпек. Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы: - Біздің жігіттер қыс бойы, жаз бойы, ыстықта да, суықта да, 40 градус аязда да жүгіре береді. Жүгіргенде қайта бұлшық еттеріміз қызып, көңіліміз көтеріледі.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Материал kaztrk.kz

Хабар арнасының жаңалықтарында Ұлымарафон туралы ақпарат


Хабар арнасының 30 қараша 2018 жыл - 12:00 жаңалықтар топтамасында Қазақстан құрылысшылар одағының ұйымдастыруымен өткен "Астана-Алматы"  ұлы марафоны туралы репортаж  жарияланды. Репортажды осы жерден көруіңізге болады.
 

Minber (Мінбер) - «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алу

Қырқүйектің 15де "Қазақстан құрылысшылары одағы" төрағасы Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы
«Қазақстан» телеарнасының «Мінбер» бағдарламасына қатысты.
Бағдарламаның тақырыбы: ««7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алу».



 

Қазақстанның үздік құрылысшылары марапатталды

Елімізде жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде Құрылысшы күні аталып өтеді. Осыған орай, бүгін елордада құрылыс саласының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Құрылысшылардың кəсіби мерекесі қарсаңында Астанада өткен салтанатты жиынға сала мамандары жиналып, үздіктері марапатталды.
"Бүгін біз құрылысшыларды мейрамдарымен салтанатты түрде құттықтап, Қазақстан бойынша үздіктерді марапаттадық. Бес сала маманы "Құрметті құрылысшы" медалі жəне атағымен, 15 маман "Еңбек сіңірген құрылысшы" атағымен, 16 адам алғыс хатпен, осылайша барлығы 36 азамат марапатталды. Қазір елімізге құрылысшы мамандар өте қажет. Əсіресе, осы салада жоғары оқу орнында оқитын жастардың санын көбейту керек. Оларға жақсы білім беру қажет. Құрылысшы мамандығы ең қызықты мамандық деп айтуға болады. Өйткені, олардың еңбегінің нəтижесін біз күнде көріп жүрміз. Құрылыс саласы - аса құрметті, маңызды сала. Қазіргі таңда барлығына баспана керек. Ал, құрылысшылар осыған өз үлесін қосады", - деді Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Оның айтуынша, жалпы, құрылысшы мамандар ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып келеді.

 Қымбат Елтайқызы

https://baq.kz/kk/news/kogam/kazakstannin_uzdik_kurilisshilari_marapattaldi20180810_201000

Подписка на новости

Мы в Соц Сетях